Итті қалай асырау және серуендету керек

Жүктеу

Иттер мен мысықтарды ұстау қағидасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабында үй жануарларын есепке алуға, ұстауға және серуендетуге қатысты белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық көзделген.

Әкімшілік жазаның мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына, жауаптылық субъектісіне және заңнамада көзделген басқа да мән-жайларға байланысты болады.

Заңда көзделген негіздер болған жағдайда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық жауаптылық туындауы мүмкін.

Жауаптылықты айқындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясын басшылыққа алу қажет.

Нормативтік құқықтық база

Жаңарту күні: Көру саны:319
  1. Иттер мен мысықтарды ұстау қағидасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік