Итті қалай асырау және серуендету керек
ЖүктеуИелеріне қойылатын қажетті талаптар
Иттер мен мысықтардың иелері:
-
жануарларды күтіп-бағудың тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге;
-
жануарларға ізгілікпен қарауға және қатыгездік көрсетуге жол бермеуге;
-
қажетті азықпен және ауызсуға қолжетімділікпен қамтамасыз етуге;
-
ветеринариялық көмекке уақтылы жүгінуге;
-
міндетті ветеринариялық іс-шараларды орындауға;
-
үй жануарларын есепке алу қағидаларын сақтауға;
-
адамдарға, басқа жануарларға және мүлікке зиян келтірудің алдын алуға;
-
тұрғылықты өңірде қолданылатын жануарларды ұстау және серуендету қағидаларын сақтауға міндетті.
Егер жануар айналадағы адамдарға қауіп төндірсе немесе шабуыл жасаса, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жағдайға байланысты медициналық және ветеринариялық көмекке жүгіну қажет.
Адамды жануар тістеген жағдайда құтыру ауруын жұқтыру және басқа да асқынулар қаупін бағалау үшін дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
