Итті қалай асырау және серуендету керек

Жүктеу

Иттерді қайда серуендетуге болады

Үй жануарларын серуендету адамдардың, басқа жануарлардың және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Жалпы қауіпсіздік ережелері:

  1. Иттердің қараусыз өз бетінше серуендеуіне жол бермеңіз.

  2. Серуендеу кезінде жануардың мінез-құлқын бақылаңыз.

  3. Қарғыбау мен тұмылдырықты пайдалануға қатысты белгіленген талаптарды сақтаңыз.

  4. Қоғамдық орындардың ластануына жол бермеңіз, жануарыңыздың артынан тазалаңыз.

  5. Иттің айналадағы адамдарға қауіп төндіруіне жол бермеңіз.

  6. Жануарларды серуендету орындарында және қоғамдық кеңістіктерде белгіленген шектеулерді сақтаңыз.

Жануардың мінез-құлқын бақылай алмайтын адамдарға, оның ішінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамдарға жануарларды серуендетуге тыйым салынады.

Қарғыбаусыз серуендетуге қай жерлерде рұқсат етіледі?

Жануарларды қарғыбаусыз еркін серуендету мүмкіндігі заңнамамен және нақты өңірдің қолданыстағы қағидаларымен айқындалады.

Жануарларды серуендетуге арналған алаңға барар алдында оны пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:1552
  1. Иттерді қайда серуендетуге болады