Шетелге баруға қалай дайындалуға болады?

Инструкция

Басқа елде уақыт өткізу сіз үшін өте ыңғайлы және қиындықсыз болуы үшін, шет мемлекетте болған кезде сізге оның заңдарының күші қолданылатынын және сіз оларды қатаң түрде сақтауға міндетті екендігіңізді есте сақтаңыз.  Барған елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.

Шетелде жүріп, әдеп пен моральдың жалпы қабылданған нормаларын ұстаныңыз, қоршаған ортаға сәйкес мінез-құлқыңызды түзетіңіз, жергілікті салт-дәстүрлерді сақтау маңызды, бұл әсіресе Азия мен Африка мемлекеттеріне қатысты. Сонымен қатар, елдегі саяси жағдай және оның климаттық жағдайлары туралы ақпаратпен танысқан жөн. 

Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қауіп төну, жол-көлік оқиғалары және т. б.) сіз барған мемлекеттегі қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тіліндегі қандай да бір хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Алдағы болатын елдегі Қазақстан Республикасының елшіліктерінің немесе консулдық мекемелерінің телефондарын жазып алыңыз (ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің мекен-жайлары мен телефондары).

Медициналық сақтандыру және екпелер

Шетелде болу кезеңіне медициналық сақтандыру полисін алдын ала сатып алу дұрыс болады. Оның болуы сапар кезінде кенеттен ауырған немесе саяхат кезінде жарақат алған жағдайда күтпеген медициналық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Медициналық сақтандыруды сақтандыру компанияларда рәсімдеуге болады, оның көп бөлігі онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады. Сақтандыруды рәсімдеу үшін сақтандыру компаниясына нақты кіру кезінде Сізден төлқұжат немесе жеке куәліктің бар болуы талап етіледі.

Қазақстандағы сақтандыру ұйымдардың тізімі

Басқа елде қажет болуы мүмкін дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алыңыз, өйткені тіпті бас ауруының дәрілері тек дәрігердің рецептімен сатылуы немесе сіз қолдануға үйренген дәрі-дәрмектер жоқ болуы мүмкін. Қандай дәрі-дәрмектерді баратын елге тасымалдауға рұқсат етілетінін алдын ала біліп алыңыз.

Сіз ыстық климаты бар елге барғыңыз келсе, алдын ала екпе жасау керек. Тропикалық елдерге шығу кезінде дифтерия, сіреспе, полиомиелитке қарсы егу ұсынылады. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) және Латын Америкасы елдеріне баратындар сары безгекке қарсы егу міндетті. Меккге қажылыққа бара жатқан адамдарға менингококқа қарсы вакцинация ұсынылады. Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болған жағдайда В гепатитіне қарсы егу орынды. Кейбір елдерге сізді олар талап ететін екпелердің бар екендігі туралы анықтамасыз жібермеуі мүмкін.

Екпелер медициналық мекемелердің мамандандырылған кабинеттерінде жасалады, өйткені вакциналар белгіленген сақтау қағидасын талап етеді.

Дата обновления - 31.07.2023
Справочная информация
Қазақстандағы емханалардың байланыстары
508