Вакцинациялау иммунитетті күшейту және ағзаны көптеген ауыр вирустық және бактериялық жұқпалы аурулардан қорғау үшін жүргізіледі.
Екпелер балаларға да, ересектерге де жасалады,бұл ретте оларды ең жоғары тиімділік үшін бекітілген егу күнтізбесіне сәйкес алу ұсынылады.
Бұл материалда сіз вакцинациялау әдетте қалай жүргізілеітін туралы білесіз.
Қоғамдық Денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Медицина қызметкері ата-анаға немесе оның заңды өкіліне профилактикалық егу, ықтимал жанама әсерлер, олардан бас тарту салдары, вакцинадан кейінгі асқынулар туралы толық және объективті ақпарат береді.
Профилактикалық егуді енгізер алдында медицина қызметкері егілетін адамды тексереді.
Алдын ала егуді жүргізудің шарты жазбаша түрде берілген келісімнің немесе бас тартудың болуы болып табылады.
Профилактикалық егулерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген вакциналар пайдаланылады. Мемлекеттік тіркеуді және сертификатты беруді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы жүргізеді.
Қазақстанда балалар үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификатталған вакциналар сатып алынады. Вакцинаның елеулі жанама әсері туралы хабарламалар ДДҰ деректер базасына беріледі.
Қазақстанда тіркелген вакциналар туралы толық ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығының сайтында "Мемлекеттік тізілім" бөлімінде орналастырылады.
Сондай-ақ Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер, соның ішінде вакциналар туралы ақпаратты DariKz мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады.
Халықтың келесі топтары профилактикалық егілуге жатады:
Профилактикалық егуді жүргізу мерзімдері ғылыми деректермен негізделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған.
Вакциналар – белгілі бір инфекциялық аурудың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерден немесе осы микробтардың тіршілік ету өнімдерінен дайындалған препараттар. Вакциналарды өндіру кезінде оларды қажетсіз және зиянды заттардан тазартып, тек аурудан қорғау үшін қажет нәрселерді ғана қалдырады. Яғни, олар ауру тудыра алмайды, бірақ иммунитет жасауға қабілетті.
Вакцинация - бұл вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды адам ағзасына енгізу процедурасы, одан кейін онда инфекция қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер жасалады. Вакцинация кезінде ағзаның сау болуы маңызды. Егуден толық бас тартуға арналған көрсеткіштер-барлық вакциналар үшін осы вакцинаны алдыңғы енгізудің асқынуы, қатерлі ісіктер, тірі вакциналар үшін иммунитет тапшылығы жағдайы.
Вакцинациялау немесе профилактикалық препараттарды енгізу 20 инфекциялық ауруға қарсы жүргізіледі.
Қарсы егу жүргізілетін инфекциялардың мерзімі мен атауы Ұлттық егу күнтізбесінде көзделген.
Қазақстандағы балаларға бала тіркелген емханада міндетті профилактикалық егулер тегін қойылады.
Тегін егу бұл:
Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
Ата-аналардың профилактикалық егуден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаудан бас тартуға себеп болып табылмайды.
Ұйымдастырылған ұжымда жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда, егілмеген балаларда ауру қаупі өте жоғары. Осыған байланысты, егілмеген балалар аурушаңдық тоқтатылғанға дейін балалар мекемелеріне барудан шеттетілуі тиіс, себебі олар инфекциядан қорғалмаған.
Жоспарлы егулер болмаған жағдайда бірқатар елдерге кіруге тыйым салынуы мүмкін.
АҚШ, Англия оқу орындарында оқу үшін барлық алдын алу екпелерінің міндетті түрде болуы талап етіледі.
Сауд Арабиясына бару үшін қажыларға менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажет, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және Африка құрлығының басқа да елдеріне кіру үшін сары безгекке қарсы вакцинация қажет.
Әр елдің өзінің бекітілген профилактикалық егу күнтізбесі бар. Елдің өмір сүру деңгейі қаншалықты жоғары болса, қарсы егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесі соншалықты кең.