Вакциналар-иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсер ететін жұқпалы аурулардың нақты алдын алуға арналған дәрілік препараттар.
Вакцинация жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген вакциналар және басқа да иммунобиологиялық препараттар пайдаланылады.
Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық егулер алуға міндетті.
Егу егілетін адамның жалпы жай-күйін бағалау және медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау үшін дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі (иммундауға қарсы көрсетілімдердің болуы вакцинация кезінде анықталады). Вакцинация немесе профилактикалық препараттарды енгізу 21 жұқпалы ауруға қарсы жүргізіледі.
Қарсы егу жүргізілетін инфекциялардың мерзімі мен атауы Ұлттық егу күнтізбесінде көзделген.