Вакцинациядан бас тартудың салдары

Инструкция

Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.

Ата-аналардың профилактикалық егуден бас тартуы балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаудан бас тартуға себеп болып табылмайды.

Ұйымдастырылған ұжымда жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда, егілмеген балаларда ауру қаупі өте жоғары. Осыған байланысты, егілмеген балалар аурушаңдық тоқтатылғанға дейін балалар мекемелеріне барудан шеттетілуі тиіс, себебі олар инфекциядан қорғалмаған.

Жоспарлы егулер болмаған жағдайда бірқатар елдерге кіруге тыйым салынуы мүмкін.

АҚШ, Англия оқу орындарында оқу үшін барлық алдын алу екпелерінің міндетті түрде болуы талап етіледі.

Сауд Арабиясына бару үшін қажыларға менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажет, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және Африка құрлығының басқа да елдеріне кіру үшін сары безгекке қарсы вакцинация қажет.

Әр елдің өзінің бекітілген профилактикалық егу күнтізбесі бар. Елдің өмір сүру деңгейі қаншалықты жоғары болса, қарсы егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесі соншалықты кең.

Дата обновления - 22.08.2023
Справочная информация
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ КодексіҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы.ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 "Халыққа профилактикалық егуді жүргізу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
1108