Айыппұлдың 50% төлеп оны қалай өтеуге болады

Жүктеу

Айыппұлдың 50% төлеу шарттары

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес, тұлға қысқартылған іс жүргізу шарттарын сақтаған жағдайда, тиісті баптың санкциясында көзделген әкімшілік айыппұл сомасының 50%-ын жеті тәулік ішінде төлеу құқығын пайдалана алады.

Қысқартылған іс жүргізу тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған, айыппұлдың 50%-ын төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамаған жағдайда қолданылады.

Мерзімді есептеу тәртібі

ҚР ӘҚБтК-нің 739-бабына сәйкес, процестік мерзімді есептеу кезінде оның өтуі басталатын тәулік есепке алынбайды. Мерзім тәулікпен есептелген кезде жұмыс істемейтін уақыт мерзімге қосылмайды.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, айыппұлдың 50%-ын төлеуге арналған жеті тәуліктік мерзім белгіленген үлгідегі түбіртегі қоса берілген ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама тиісті түрде жеткізілген кезден бастап есептеледі.

Қысқартылған іс жүргізу ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

Жаңарту күні: Көру саны:14961
  1. Айыппұлдың 50% төлеу шарттары