Сіз авто иесі болсаңыз

Введение

Автомобильдің пайда болуы адам өмірінде үлкен әсер етті. Бір нүктеден екіншісіне жеткізу, жүктерді тасымалдау, арнайы көлік және тағы басқалар адамның күнделікті өмірінде зор рөл атқарады.

Автомобиль уақытты, ресурстарды үнемдейді және көптеген тапсырмаларды орындау кезінде таптырмас көмекші болып табылады және оны пайдалану барысында адамдар әртүрлі өмірлік жағдайларға тап болады.

Бұл материалда біз мемлекеттік нөмірді қалай қалпына келтіруге, автомобильді қалай сақтандыруға, салықты төлеуге және ЖКО  немесе айдап кету кезінде не істеуге болатынын айтамыз.

Егер сіз көліктің мемлекеттік нөмірін жоғалтып алсаңыз

МТНБ жоғалған немесе бүлінген жағдайда сізге "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тың мамандандырылған бөлімдеріне МТНБ (жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері)-ны жоғалту туралы еркін нысандағы өтінішпен жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

  1. Жоғалту туралы өтініш;
  2. Жеке куәлік;
  3. КҚ тіркеу туралы куәлік (техпаспорт);
  4. Баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттар не салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін – салық төлеуден босату құқығына арналған құжат.

Сондай-ақ МТНБ телнұсқасын алуға онлайн-өтініш жіберуді және оны үйге жеткізуді ресімдеуге болады.

{"id":17068,"source_id":4010,"title":"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру","service_code":"REG06","service_link":"http://egov.kz/services/REG06/"}
{"id":15286,"source_id":4452,"title":"Үйге МТНБ және КҚТТК жеткізу","service_link":"https://egov.kz/services/SR.20/"}
{"id":16644,"source_id":3850,"title":"Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу","service_code":"P21.01","service_link":"http://egov.kz/services/P21.01/"}

Сақтандыру

Автоны міндетті сақтандыру

Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (МАҚЖ) автокөлік иелерінің міндетті болып табылатын сақтандыру түрі. Осы полиссіз автомобильді жүргізуге болмайды.

Егер сіз автомобильді пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғаға физикалық немесе мүліктік зиян келтірген жағдайда сақтандыру компаниясы келтірілген зиянды (сіз үшін) жәбірленуші тарапқа өтейді. Осы полиссіз автомобильді жүргізу кезінде жол полициясының қызметкері айыппұл салуға құқылы.

МАҚЖ кез келген сақтандыру компаниясында, оның ішінде онлайн режимінде ресімдеуге болады, себебі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде міндетті электрондық сақтандыру енгізілді. Сақтандыру құны авто, тіркеу орны мен жүргізу өтілі түріне байланысты.

МАҚЖ ресімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік;
  • Жүргізуші куәлігі;
  • Техпаспорт.

Міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру полисі МАҚЖ бір автомобильге жазылады. Егер автомобильмен бірнеше адам жүрсе,оларды бір полиске жазу жеткілікті.

Ескерту: полиция қызметкерлері сақтандыру бойынша бірыңғай деректер қорға жүгінгенде, планшеттердің көмегімен жүргізушіде сақтандыру полюсінің болуын тексереді. Полиция қызметкерлеріне сақтандырудың қағаз нұсқасын талап етуге тыйым салынады.

КАСКО сақтандыру

КАСКО – бұл ЖКО, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы іс-қимылдары (айдап кету, ұрлау, қарақшылық), өрт, табиғи апаттар және басқа да жағдайлар нәтижесінде болған зақымданулар болған жағдайдағы сақтандырудың ерікті түрі. Кез келген сақтандыру компаниясында, оның ішінде онлайн режимінде ресімделеді.

Сақтандыру құны шығарылған жылына, маркасына және көліктің құнына, сондай-ақ автомобиль тіркелу орнына байланысты.

МАҚЖ ресімдеу үшін қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік;
  • Жүргізуші куәлігі;
  • Техпаспорт.

ЖКО кезде не істеу керек

Жол-көлік оқиғасы – (ЖКО) - көлік құралының жолда жүру процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залал келтіруге әкеп соққан оқиға.

ЖКО түрлері

Қақтығыс; аударылу; кедергіні соғу; жүргіншіні басып немесе соғып кету; велосипедшіні соғып кету; тұрған көлік құралын соғу; ат-арба көлігін соғу; жануарлар басып немесе соғып кету; жолаушылардың құлауы; өзге оқиғалар.

Сізге ЖКО болған жағдайда:

  1. Тоқтап, автомобиль орнынан қозғамау, «апаттық сигналды» қосу және апаттық аялдау белгісін орнату;
  2. Зардап шеккендердің бар-жоқтығын тексеру, егер бар болатын болса жедел жәрдем шақыру;
  3. Егер оқиға куәгері болса, олардың байланыс деректерін жазу керек. Бұл ерекше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін;
  4. Әкімшілік полиция қызметкерлерін (102 – егер зардап шеккендер болмаса / 112 – егер бар болса) және сақтандыру агенттерін шақыру қажет.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде келесі іс-қимылдарды ресімдеуі тиіс:

  1. ЖКО сызбасын құрастыру;
  2. ЖКО жерін қарау хаттамасы жасау; 
  3. әкімшілік хаттама жасау;
  4. түсініктемелерді жинау;
  5. жүргізушілерді медициналық куәландыруға жіберу. 

Жол полициясының қызметкерлері сіздің барлық құжаттарыңызды тексеріп, сызбаны салады және кейбір жағдайларда көлік құралы ЖКО орнында басқа автомобильдердің қозғалысын қиындататын болса көлік құралын басқа жерге сүйреп әкетуді сұрайды. Бұдан әрі жол полициясының қызметкері сізге бланк түсініктемесін береді, онда сізге міндетті түрде шамамен ЖКО уақытын, көшелерінің қиылысын (немесе ЖКО орналасқан орнында объектілер атауы), көліктің мемлекеттің нөмірін, қозғалыс бағытын және оқиғалардың егжей-тегжейлі сипаттауын, сондай-ақ сақтандыру (МАҚЖ) полисінің нөмірін көрсету қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған кезде жол полициясының қызметкерлері алкогольден және есірткіден мас болу жай-күйіне медициналық куәландыру нәтижелерін пайдаланады. Осы куәландырудан ерікті және дереу өту ұсынылады.

Одан әрі жол полициясының қызметкерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама он бес тәулік ішінде қаралатын мамандандырылған аудандық сотқа жіберіледі. Тыңдауды өткізу күніне, уақыты мен орнына қатысты сізді белгіленген тәртіпте хабардар етеді.

Сотқа келген кезде Сізде мынадай құжаттар болуы қажет:

  • егер сіз жәбірленуші болсаңыз – жеке куәлік пен психоактивті затты қолдану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы;
  • егер сіз кінәлі болсаңыз – жеке куәлік, уақытша жүргізуші куәлігі және қорытынды.

Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет 40 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Егер жоғарыда аталған әрекеттерді көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаса 60 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Егер жоғарыда аталған әрекеттерді көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 611-бабына сәйкес зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 345-бабына сәйкес көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы мынадай жауаптылыққа әкеп соғады:

  1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

  2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Екінші бөлiкте көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Автомобилді айдап әкету

Автомобильді айдап әкету екі қылмысты білдіреді:

  • ұрлау мақсатынсыз айдап кету (мысалы, «жүргізуге» немесе басқа қылмыс жасаған кезде көлік ретінде пайдалану);
  • ұрлық (пайдакүнемдік мақсатта машинаны жасырын ұрлау).

Автомобиль жоғалған кездегі іс-қимыл тәртібі

Бірінші кезекте 102 нөмірі бойынша кезекші бөлімге қоңырау шалу керек.

Полицияға жедел қоңырау шалған кезде стандартты процедураны іске қосады – «тосқауыл» жоспарының жергілікті нұсқасы, өйткені алғашқы бірнеше сағат ішінде автомобиль табу мүмкіндігі анағұрлым жоғары.

«Тосқауыл» жоспары шеңберінде ұрланған автомобильдің деректері тек жол және полицияның басқа бөлімшелерінің бекеттеріне ғана емес, сондай-ақ радиобайланысы бар басқа да қызметтерге де (мысалы, авариялық, өрт, такси) хабарлайды. Полицияның бақылау және қоршау бекеттері ұйымдастырылады. Айдап әкету туралы ақпарат деректер қорына енгізіледі, сондай-ақ жедел іс-қимылдар жүргізіледі:

  • ұқсас қылмыстар үшін сотталған адамдарды тексеру;
  • автомастер және автотұрақтарды тексеру;
  • қылмыс куәгерлерін анықтау

Содан кейін полицияға жазбаша түрде айдап әкету туралы өтініш беру керек. Оны полиция бөлімінің кезекші бөліміне бланк толтыру немесе Бас прокуратураның сервисі арқылы онлайн-өтініш беру жолымен жасайды.

Полицияға онлайн-өтініш беру

Көлікті айдап әкету туралы хабарлама беру кезінде:

  • машинаға өз құқығыңызды, яғни тек сіз қылмыста жәбірленуші болып келетіңізді растаңыз;
  • оны табуға көмектесетін автомобиль белгілерін сипаттаңыз.

Автомобиль белгілерінің арасында көрсету керек:

  • тіркеу деректері және сыртқы сипаттамасы;
  • бактағы бензин саны;
  • орнатылған айдап кетуге қарсы құралдар;
  •  жүріп өткен жолы;
  • иесімен белгіленген құпия белгілер және агрегаттар немесе олар белгіленген орындар;
  • ерекше белгілері (автомобиль салонын, онда жатқан жеке заттарын сипаттау).

Өтініш берілгеннен кейін тергеу нәтижелерін күту қажет.

Салықтарды төлеу

Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн болып табылады. Көлік құралдарына салықты ұялы телефон арқылы E –Salyq Azamat мобильді қосымшасы (мобильді қосымшаны AppStore мен PlayMarket арқылы жүктеп алуға болады) немесе банктердің екінші деңгейдегі онлайн-қызметтерін пайдалану арқылы төлеуге болады.

Егер көлік салығының сомасын білгіңіз келсе ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://kgd.gov.kz/ru/calc/transports сілтемесі арқылы немесе E–Salyq Azamat мобильді қосымшасын пайдаланып көлік құралдары салығының есеп-қисабын аласыз.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (МКБ) бармай-ақ «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» электрондық сервисінде E–Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен салыстырып тексеруге және салықты төлеуге болады.

Салықтық берешегінің бар/жоқ екені туралы мәліметтерді білу үшін  сондай-ақ E–Salyq Azamat мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі» электрондық сервисте немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан ЖСН жазу арқылы тексеріп көруге болады.