Жол-көлік оқиғасы – (ЖКО) - көлік құралының жолда жүру процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залал келтіруге әкеп соққан оқиға.
ЖКО түрлері
Қақтығыс; аударылу; кедергіні соғу; жүргіншіні басып немесе соғып кету; велосипедшіні соғып кету; тұрған көлік құралын соғу; ат-арба көлігін соғу; жануарлар басып немесе соғып кету; жолаушылардың құлауы; өзге оқиғалар.
Сізге ЖКО болған жағдайда:
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде келесі іс-қимылдарды ресімдеуі тиіс:
Жол полициясының қызметкерлері сіздің барлық құжаттарыңызды тексеріп, сызбаны салады және кейбір жағдайларда көлік құралы ЖКО орнында басқа автомобильдердің қозғалысын қиындататын болса көлік құралын басқа жерге сүйреп әкетуді сұрайды. Бұдан әрі жол полициясының қызметкері сізге бланк түсініктемесін береді, онда сізге міндетті түрде шамамен ЖКО уақытын, көшелерінің қиылысын (немесе ЖКО орналасқан орнында объектілер атауы), көліктің мемлекеттің нөмірін, қозғалыс бағытын және оқиғалардың егжей-тегжейлі сипаттауын, сондай-ақ сақтандыру (МАҚЖ) полисінің нөмірін көрсету қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған кезде жол полициясының қызметкерлері алкогольден және есірткіден мас болу жай-күйіне медициналық куәландыру нәтижелерін пайдаланады. Осы куәландырудан ерікті және дереу өту ұсынылады.
Одан әрі жол полициясының қызметкерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама он бес тәулік ішінде қаралатын мамандандырылған аудандық сотқа жіберіледі. Тыңдауды өткізу күніне, уақыты мен орнына қатысты сізді белгіленген тәртіпте хабардар етеді.
Сотқа келген кезде Сізде мынадай құжаттар болуы қажет:
Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет 40 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Егер жоғарыда аталған әрекеттерді көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаса 60 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Егер жоғарыда аталған әрекеттерді көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 611-бабына сәйкес зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 345-бабына сәйкес көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы мынадай жауаптылыққа әкеп соғады:
Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Екінші бөлiкте көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.