Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн болып табылады. Көлік құралдарына салықты ұялы телефон арқылы E –Salyq Azamat мобильді қосымшасы (мобильді қосымшаны AppStore мен PlayMarket арқылы жүктеп алуға болады) немесе банктердің екінші деңгейдегі онлайн-қызметтерін пайдалану арқылы төлеуге болады. Бұл ретте салық төлеген кезде тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органының кодын көрсету қажет.
Егер көлік салығының сомасын білгіңіз келсе ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://kgd.gov.kz/ru/calc/transports сілтемесі арқылы немесе E–Salyq Azamat мобильді қосымшасын пайдаланып көлік құралдары салығының есеп-қисабын аласыз.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (МКБ) бармай-ақ «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» электрондық сервисінде E–Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен салыстырып тексеруге және салықты төлеуге болады.
Салықтық берешегінің бар/жоқ екені туралы мәліметтерді білу үшін сондай-ақ E–Salyq Azamat мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі» электрондық сервисте немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан ЖСН жазу арқылы тексеріп көруге болады.