Автомобильді қалай қайта жабдықтауға болады (газ жабдығын орнату)
ЖүктеуКөлік құралы конструкциясына өзгерістер енгізу
Автокөлікті қайта жабдықтау мүмкіндігі туралы оң шешім алғаннан кейін көлік құралының иесі газбаллон жабдығын (ГБЖ) орнатуға кірісе алады.
Іс-қимыл тәртібі:
-
ГБЖ орнатуға қажетті жабдықтары мен білікті мамандары бар ұйымға жүгініңіз.
-
Орнатылатын жабдықтың КО ТР 018/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
-
Жабдықты техникалық талаптар мен келісу шарттарына сәйкес орнатыңыз.
-
Орындалған жұмыстарды растайтын құжаттарды алыңыз.
Мұндай құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:
-
орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасы туралы өтініш-декларация;
-
жабдықты орнату актісі;
-
орнатылған ГБЖ-ға қатысты құжаттар;
-
пайдаланылған құрамдас бөліктердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
Маңызды! Жабдықты орнату көлік құралын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.
