Автомобильді қалай қайта жабдықтауға болады (газ жабдығын орнату)
ЖүктеуКөлік құралын қайта жабдықтауға рұқсат алу
Газбаллон жабдығын (ГБЖ) орнатпас бұрын көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу қажет.
Іс-қимыл тәртібі:
-
Көлік құралының иесі мен көлік құралы туралы мәліметтерді дайындаңыз.
-
Жоспарланған қайта жабдықтауды келісу үшін әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшесіне жүгініңіз.
-
Автокөліктің маркасын, моделін, шығарылған жылын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған өзгерістердің сипатын көрсетіңіз.
-
Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы шешімді алыңыз.
Қайта жабдықтау түріне байланысты өзгерістерді қауіпсіз енгізу мүмкіндігін растайтын алдын ала техникалық сараптама қажет болуы мүмкін.
Маңызды! Қайта жабдықтауды келісу және жұмыстар аяқталғаннан кейін куәлік алу — екі бөлек рәсім. Жабдықты орнатпас бұрын өзгерістерді алдын ала келісу үшін белгіленген талаптарды орындау қажет.
