Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар дайындау керек

Инструкция

АӘК тағайындауға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша мансаптық орталық арқылы жүзеге асырылады, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.

Өзімен бірге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке куәлігі не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, ал қандастар үшін – оралман куәлігі ғана болса жеткілікті.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларын орындау жөніндегі міндеттемелері жазылады.

Ескертпе:

Атаулы әлеуметтік көмекті қарауды және тағайындауды жеделдету үшін өтініш берушінің өз бастамасы бойынша құжаттардың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат өтініш берушіге ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама түрінде келіп түседі.

{"id":4336,"source_id":3066,"title":"Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу","service_code":"P6.31","service_link":"http://egov.kz/services/P6.31/"}
 

 

 

Дата обновления - 23.02.2024
Справочная информация
Астана, Алматы, Шымкент қалалары және ҚР облыстық орталықтарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының байланыстары
10905