Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері

Инструкция

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Шартты ақшалай көмек – жалғызбасты және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті жеке тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға оның жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу жағдайында ай сайынғы ақшалай төлем түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Дата обновления - 22.04.2025
Справочная информация
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII PHP әлеуметтік кодексі."Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы
34162