Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – жалғызбасты және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті жеке тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға оның жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу жағдайында ай сайынғы ақшалай төлем түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.