Қалай адвокат болуға болады
ЖүктеуКіріспе
Адвокат — жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби негізде білікті заң көмегін көрсетеді.
Адвокат мәртебесін алу үшін заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келу, тағылымдамадан және аттестаттаудан өту (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), лицензия алу және адвокаттар алқасына кіру қажет.
Бұл материалда адвокат мәртебесін алудың негізгі кезеңдері туралы айтып береміз.
