Инструкция
Адвокаттық лицензия:
- адвокат мемлекеттік қызметте болған;
- ол Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
- адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген;
- адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде тоқтатыла тұрады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:
- адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанда – шешім қабылданғанға дейін;
- адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;
- біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге;
- адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде 3 және одан да көп рет) көрсеткенде – 6 айға;
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде 3 және одан да көп рет) бұзғанда – алты айға;
- коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – 6 айға тоқтатыла тұрады.
Дата обновления - 09.12.2024