Әскери билетті қалай алуға болады

Жүктеу

Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан кім босатылады

Әскери қызметке шақырудан босату

Бейбіт уақытта мынадай азаматтар әскери қызметке шақырудан босатылады:

  1. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.

  2. 27 жасқа толғанға дейін заңды негіздер бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандар.

  3. Әкесі, анасы, аға-інісі немесе әпке-сіңлісі әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе I немесе II топтағы мүгедектік алғандар.

  4. Басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендер.

  5. Заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер.

  6. Ғылыми дәрежесі барлар.

  7. Тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері болып табылатындар.

eGov.kz арқылы әскери қызметке шақырудан босатуды қалай ресімдеуге болады

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» қызметін таңдаңыз.

  3. Әскери қызметке шақырудан босату негізін көрсетіңіз.

  4. Электрондық өтінішті толтырыңыз.

  5. Қызметтің таңдалған кіші түрі үшін көзделген құжаттарды тіркеңіз.

  6. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе белгіленген шарттар сақталған жағдайда бір реттік парольмен қол қойыңыз.

  7. Электрондық нәтижені жеке кабинетіңізден алыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні.

Құны: тегін.

Нәтижесі: әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытынды немесе дәлелді бас тарту.

Аталған мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау әскерге шақыру кезеңінде жүзеге асырылады: 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.

Әскери жиындардан босату

Әскери жиындардан босату негіздері Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 36-бабының 2-тармағында жеке белгіленген.

Олар заңда айқындалған әскери міндеттілердің санаттарына, оның ішінде кәсіби қызметінің сипатын, отбасылық жағдайларын, білім алуын және басқа да белгіленген шарттарды ескере отырып қолданылады.

Әскери жиындардан босатылу құқығын мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылумен шатастыруға болмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:14416
  1. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан кім босатылады