Әскери билетті қалай алуға болады

Жүктеу

Кімге әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35-бабында көзделген негіздер болған жағдайда азаматтарға беріледі.

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудың негізгі негіздері

  1. Отбасы жағдайлары бойынша — отбасы мүшелеріне күтім жасауға, балаларды асырауға және басқа да отбасылық міндеттерге байланысты заңда көзделген мән-жайлар болған жағдайда.

  2. Білім алуды жалғастыру үшін — заңнамада белгіленген жағдайларда және шарттарда білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алған кезде.

  3. Денсаулық жағдайы бойынша — медициналық куәландыру нәтижелерін ескере отырып, әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде.

  4. Басқа себептер бойынша — кәсіби қызметі немесе өзге де мән-жайлары заңнамада көзделген азаматтардың жекелеген санаттары үшін.

eGov.kz арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қалай ресімдеуге болады

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  3. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру сұралатын негізді көрсетіңіз.

  4. Электрондық өтінішті толтырыңыз.

  5. Қызметтің тиісті кіші түрі үшін көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеңіз.

  6. Сұрау салуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе осы қол қою тәсілін пайдалану шарттары орындалған жағдайда бір реттік парольмен қол қойыңыз.

  7. Жеке кабинетіңізде қызмет көрсету нәтижесімен танысыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні.

Нәтижесі: әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы электрондық қорытынды немесе дәлелді бас тарту.

Шешімді әскерге шақыру комиссиясы қабылдайды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру негіздері жойылған жағдайда азамат заңнамада белгіленген тәртіппен әскери қызметке шақырылуға жатады.

Растайтын құжаттардың тізбесі таңдалған негізге байланысты болады және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:25161
  1. Кімге әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі