Әскери билетті қалай алуға болады
ЖүктеуӘскери қызметке шақыру және өту
Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады.
Әскерге шақыру іс-шараларынан өту тәртібі
-
Азамат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті әскери басқару органына келу қажеттілігі туралы хабарлама алады.
-
Әскерге шақыру іс-шараларынан өту үшін қажетті құжаттарымен бірге көрсетілген уақытта және орынға келеді.
-
Әскери қызметке жарамдылық санатын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтеді.
-
Қажет болған жағдайда қосымша медициналық тексерулерге жіберіледі.
-
Әскерге шақыру комиссиясы медициналық куәландыру нәтижелерін, азамат туралы мәліметтерді және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздердің бар екенін растайтын құжаттарды қарайды.
-
Қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылданады.
Әскери қызмет өткеру мерзімдері
-
Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін — 12 ай.
-
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін — 24 ай.
-
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін — жасалған келісімшарттың талаптарына және заңнамаға сәйкес.
Маңызды: азамат жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша келуге міндетті. Әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны және дәлелді себепсіз келмегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
