Әскери билетті қалай алуға болады

Жүктеу

Әскери есепте тұру міндеті

Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамада көзделген жағдайларда әскери есепте тұруға міндетті.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Бастапқы әскери есепке қойылуға жататын азаматтар санаттарына мыналар жатады:

  • 17 жасқа толған ер азаматтар;

  • бұрын әскери есепте тұрмаған ер азаматтар;

  • Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;

  • әскери-есептік мамандығы бар әйел азаматтар.

17 жасқа толған ер азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

Жергілікті әскери басқару органы шақырған жағдайда азамат Қағидаларда көзделген құжаттарымен бірге белгіленген уақытта және орынға келуге міндетті. Жеке басын сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық құжаттарды пайдалануға жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери билеті жоғалған немесе бүлінген жағдайда 7 жұмыс күні ішінде портал арқылы оның телнұсқасын алуға өтініш беру қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:26819
  1. Әскери есепте тұру міндеті