Әскери есепте тұру міндеті

Инструкция

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР азаматтары тұрғылықты жерін тұрақты тіркеу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарында (военкоматтар) әскери есепте тұруға міндетті, мыналарды қоспағанда:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;

2) запаста болудың шекті жасына жеткеннен кейін әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе әскери есептен шығарылған не әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;

3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдар;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар;

5) Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарының қызметкерлерін, сондай-ақ курсанттары мен тыңдаушыларын.

Әскери есепте тұруға міндетті:

  • 17 жастан 27 жасқа дейінгі әскерге шақырылушылар (тек ер адамдар) ;
  • қатардағы және сержанттық құрамдар-50 жасқа дейін;
  • офицерлік құрамның әскери міндеттілері-60 жасқа дейін;
  • қатардағы және сержанттық құрамдағы әйелдер-35 жасқа дейін;
  • офицерлік құрамдағы әйелдер-45 жасқа дейін.

Бұл ретте әйелдер медициналық оқу орындарын бітіргеннен кейін немесе әскери қызмет өткергеннен кейін әскери есепке тұруы тиіс.

Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Дата обновления - 14.01.2025
Справочная информация
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
17754