Әскери билетті қалай алуға болады

Жүктеу

Әскери қызмет туралы мәліметтерді қалай түзетуге болады

Егер eGov.kz порталындағы жеке кабинетте әскери қызмет туралы мәліметтер болмаса немесе қате көрсетілсе, азамат «Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдалана алады.

Өтініш беру тәртібі

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін табыңыз.

  3. Электрондық өтінішті толтырыңыз.

  4. Түзетілуі қажет мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесін тіркеңіз.

  5. Өтінішке көзделген тәсілмен қол қойыңыз.

  6. Жеке кабинетіңізде қызмет көрсету нәтижесімен танысыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.

Егер мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе архивтерге, оның ішінде шет мемлекеттердің архивтеріне сұрау салу қажет болса, өтініш берушіні хабардар ете отырып, мерзім 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Құны: тегін.

Нәтижесі: әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру немесе дәлелді бас тарту.

Жаңарту күні: Көру саны:54
  1. Әскери қызмет туралы мәліметтерді қалай түзетуге болады