Пәтерді сатып алу

Жүктеу

Ипотекалық қарыз арқылы пәтер сатып алу

Ипотека — қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жылжымайтын мүлік кепілі.

Ипотекалық қарыз арқылы пәтер сатып алу кезінде мәмілені ресімдеу тәртібі заңнамаға және таңдалған банктің талаптарына сәйкес айқындалады.

Негізгі кезеңдер

  1. Банкке жүгініп, ипотекалық кредиттеу шарттарымен танысыңыз.

  2. Банктің талаптарына сәйкес өтінім мен қажетті құжаттарды ұсыныңыз.

  3. Алдын ала мақұлдау алғаннан кейін кредиттеу шарттарына сәйкес келетін пәтерді таңдаңыз.

  4. Қажет болған жағдайда жылжымайтын мүлікті бағалаудан өтіп, шартта көзделген сақтандыру құжаттарын ресімдеңіз.

  5. Пәтерді сатып алу-сату шартын және банктік қарыз шартын жасасыңыз.

  6. Заңнама мен банктің талаптарына сәйкес ипотеканы (жылжымайтын мүлік кепілін) ресімдеңіз.

  7. Белгіленген тәртіппен меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді және кепілді тіркеуді қамтамасыз етіңіз.

  8. Тіркеудің растамасын алып, шарттардың талаптарына сәйкес есеп айырысуды аяқтаңыз.

Маңызды: жылжымайтын мүлік кепілі мемлекеттік тіркеуге жатады. Қолданылатын тәртіпке байланысты құжаттар электрондық тәсілмен немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілуі мүмкін.

Қажетті құжаттар тізбесі, бастапқы жарнаның мөлшері, пайыздық мөлшерлеме, сақтандыру шарттары және өтінімді қарау мерзімдері нақты ипотекалық бағдарлама мен банктің талаптарына сәйкес айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:6786
  1. Ипотекалық қарыз арқылы пәтер сатып алу