Баланың тууын тіркегеннен кейін сіз оны балабақша кезегіне қою үшін бірден өтініш бере аласыз.
Кезекке қою үшін келесі тәсілдермен өтініш беруге болады:
{ "service_link": "https://egov.kz/services/S001/", "service_code": "MNE", "id": 4124, "source_id": 3042, "title": "Баланы балабақшаға кезекке қою" }
ХҚКО-ға жүгінген кезде келесі құжаттар қажет:
- Өтініш;
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуі);
- Мектепке дейінгі ұйымда басымдықты орын алу құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);
- Әскери қызметшінің немесе арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерінің жұмыс орнынан уәкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен (болған жағдайда) куәлік;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы (егер болса).
Уақытты үнемдеу үшін онлайн режимінде халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тапсырыс беруге болады
{ "id": 3134, "source_id": 3134, "title": "Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тапсырыс беру ","service_link":"https://egov.kz/services/SR.06/" }