Жүктілік кезінде декрет демалысына шығу және босануға қалай дайындалуға болады

Инструкция

Жүктілікке және босануға байланысты демалысты (декреттік демалысты) ресімдеу: жұмыс істейтін әйелдерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес жалпы ұзақтығы 126 күнтізбелік күн (бала туылғанға дейін 70 күнтізбелік күн және бала туылғаннан кейін 56 күнтізбелік күн) жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі. Асқынған босану немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда демалыс 140 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.

Демалысты рәсімдеу үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (аурухана парағы) алу қажет. Оны акушер-гинеколог дәрігер (бөлімше меңгерушісімен бірлесіп немесе ДКК қорытындысы бойынша) жүктіліктің 30 аптасына жеткенде (ал жүктіліктің қиындауы немесе экологиялық апат аймақтарында тұру кезінде — ертерек мерзімде) береді.

Ресімдеу тәртібі:

Медициналық ұйым еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын береді. Бір данасы жұмыс орны бойынша ұсыну үшін, екіншісі — "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ресімделеді.

Жұмыс орнында табельші аурухана парағының артқы жағын толтырады және ұйымның қажетті мөрлерін қояды.

Қызметкер жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру үшін кадрлар бөліміне аурухана парағын қоса бере отырып өтініш жазады, содан кейін жұмыс берушінің тиісті бұйрығы шығарылады.

3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс: жұмыс беруші анасы, әкесі, асырап алушысы не қамқоршысының өтініші бойынша (баланың туу туралы куәлігі негізінде) 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Демалысты толығымен немесе бөліктерге бөлуге болады. Демалыс кезеңінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Жұмысқа мерзімінен бұрын шығу ниеті туралы жұмыс берушіге бір ай бұрын ескерту қажет.

Босануға дайындық мектептері арқылы босануға қалай дайындалу керек: босанудың қауіпсіз өтуі үшін болашақ аналарға емханалар жанындағы арнайы дайындық мектептеріне бару ұсынылады. Сабақтарды білікті акушерлер, дәрігерлер мен психологтар жүргізеді. Бағдарлама тыныс алу әдістерін игеруге, босану нұсқаларымен (табиғи босану, кесар тілігі) танысуға және баланың пайда болуына психологиялық тұрғыдан бейімделуге көмектеседі.

{ "id": 3759, "source_id": 3759, "title": "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру","service_link":"https://beta.egov.kz/services/3759" }
Дата обновления - 07.10.2026
Справочная информация
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (99 — бап-жүктілік және босану бойынша демалыс)Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі
15304