gov.kz
Меню

Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау

 

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4.Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Онлайн-қызмет туу туралы актілік жазба болған жағдайда көрсетіледі. Тіркеу болмаған жағдайда, Egov.kz басты бетінде, "Мәліметтерді түзету сервистері​" бөлімінде "Азаматтықхал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" сервисінің көмегімен оны цифрлау мүмкіндігі бар.

Проактивті қызмет арқылы:

  1. Жәрдемақы тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, Неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер, электрондық өтініште көрсетілген қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)

  1. Өтініш.

  2. Же­ке ку­ә­лік (же­ке ку­ә­лік, ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты) не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).

Қан­дас мәр­те­бе­сі бар адам­дар­дың кө­п­ба­ла­лы от­ба­сы­ға жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш жа­сал­ған кез­де қан­дас ку­ә­лі­гі неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).

  1. Туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).

Өті­ніш бе­ру­ші­нің де­ректе­рін­де ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гін­де­гі де­ректер­мен ай­ыр­ма­шы­лық болған кез­де – неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қию, бұ­зу ту­ра­лы ку­ә­лік) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).

Ба­ла­ға қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­лен­ген неме­се ба­ла асы­рап ал­ған кез­де – ба­ла­ға қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат неме­се туу ту­ра­лы акт жа­з­ба­сын­да­ғы ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.

  1. Егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса, жыл сайын берілетін 29-қосымшасына сәй­кес ны­сан бой­ын­ша оқу ор­ны­ның анық­та­ма­сы не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бі­лім ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.

  2. Сот ше­ші­мі (ер­лі-зай­ып­ты­лар ара­сын­да неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) бұ­зы­л­ған кез­де ба­ла­лар­дың ата-ана­сы­ның бі­рі­мен бір­ге тұ­ра­ты­нын рас­тау үшін).

Бай­қо­ңыр қа­ла­сы­ның тұр­ғын­да­ры үшін – Бай­қо­ңыр қа­ла­сы тұр­ғын үй ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның аза­мат­тар­ды есеп­ке алу және тір­кеу жө­нін­де­гі бө­лі­мі­нің анық­та­ма­сы.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де тір­кел­ген неке қию (ер­лі-зай­ып­ты бо­лу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, ба­ла­ға қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­ле­уді рас­тай­тын құ­жат­ты неме­се туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­дан ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, сон­дай-ақ оқу ор­ны­ның күн­діз­гі бө­лі­мін­де оқу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қо­с­па­ған­да, кө­п­ба­ла­лы от­ба­сы­на жәр­де­ма­қы­лар та­ғай­ын­дау үшін ба­ла­ның (ба­ла­лар­дың) туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гін, Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) қию, бұ­зу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті, ба­ла­ға қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­ле­уді рас­тай­тын құ­жат­ты, оқу ор­ны­ның күн­діз­гі, 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес.

Проактивті қызмет арқылы:

  1. Про­ак­тив­ті қыз­мет көр­се­ту­ге көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы банк­тік шот нө­мі­рін рас­тау неме­се ұсы­ну ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді.

Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша:

  1. 4-қосымшаға сәй­кес ны­са­нын­да көз­дел­ген мә­лі­мет­тер­ді, екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың және (неме­се) ұй­ым­дар­дың АЖ-дан «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зіне сұ­рау са­лу ар­қы­лы ала­ды.

  2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, ба­ла­ның (ба­ла­лар­дың) туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің мә­лі­мет­те­рі неме­се туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­дан үзін­ді кө­шір­ме, Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­ға қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­ле­уді рас­тай­тын құ­жат неме­се туу ту­ра­лы ак­ті­лік жа­з­ба­дан ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кел­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер, банк шо­ты­ның нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, элек­трон­дық өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.

«Но­та­ри­ат ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 34-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 9) тар­мақ­ша­сы­на, 84-ба­бы­на сәй­кес шет тіл­де ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне ауда­ры­л­ған ауда­рым­ның дұ­ры­стығ­ын ку­әлан­ды­ра­ды.

Результат оказания услуги
Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де – құ­жат­тар топ­та­ма­сы тір­кел­ген сәт­тен ба­стап – 7 жұмыс күні

Пор­тал­ға, екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­ріне жү­гін­ген кез­де неме­се про­ак­тив­ті қыз­мет ке­зін­де – 4 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Цифрлық үкімет» порталы
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
Екінші деңгейлі банктерді ақпараттандыру объектілері

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы