
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті ұсынады.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Проактивті қызмет арқылы:
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша - өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған порталға өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберілген, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде: өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратып отырған, Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Мемлекеттік корпорация арқылы - 8 жұмыс күні
Портал немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – 4 жұмыс күні