
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.
4. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу үшін хабарламада көрсетілген күні мен уақытта болу ҚР шет елдегі мекеменің консулдық бөліміне жүгінген жөн.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сіздің тұратын тұрақты жеріңіз консулдық аймаққа кіретін ҚР шет елдегі мекемені таңдаңыз.
4. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу үшін хабарламада көрсетілген күні мен уақытта болу ҚР шет елдегі мекеменің консулдық бөліміне жүгінген жөн.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінімін тіркеуден бас тарту себептері:
Ескертпе: Төлем ҚР шет елдегі мекеменің есеп шотына жүргізіледі (деректемелер ҚР-дың шет елдегі мекеменің болу еліндегі сайтында қолжетімді). Төлем туралы түбіртектің көшірмесін сканерден өткізіп pdf немесе jpeg (jpg) форматында тіркеу қажет.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
Нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (салыстыру үшін).
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік.
Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
2. Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған үкімі негізіне сәйкес нысан бойынша ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін).
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік.
Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
3. Қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күннен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
Қылмыстық қудалау органының жұбайын халықаралық іздестіруді жариялау туралы қаулысының негізіне сәйкес нысан бойынша ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
Қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік.
Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тарауындағы талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша
Жеке тұлғаларға көрсету мерзімі бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң
Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіден жіберілген хабарламаны қамауда отырған екінші жұбайы, не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншылық жасаушы алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады
Қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіруді сот санкциялаған күннен бастап үш жыл өткен соң жариялау туралы қаулысы негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу – 2 жұмыс күні
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 8-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады