
Портал арқылы сіз қызметті тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Спорт мектептеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру үшін:
1. Спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
2. Өтініш.
3. Спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер.
4. Спорт мектебінің спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасалған қолданыстағы шарт.
5. Спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама.
6. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру:
1. Спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін).
2. Өтініш.
3. Спорт объектісі (үй - жай) туралы мәліметтер.
4. Спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі спортшыларын медициналық тексеруден тұрақты өткізу туралы жасалған қолданыстағы шарт.
5. Спорт мектебінің басшысы куәландырған спорт резервін даярлау жөніндегі бөлімшенің жұмысы туралы анықтама.
Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебесін беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат.
1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 5, 6 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 5 жімыс күні ішінде