
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына анықтама беру туралы көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) өтініші.
2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау
Ауыстыру үшін:
Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
1. Ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
1. Ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
2. Білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:
1. Ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
2. Басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
1. Ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:
1. Ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
2. Білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:
1. Меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт).
2. Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат.
3. Шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.
Қайта қабылдау үшін:
Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
1. Ата-аналарының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) еркін нысандағы қайта қабылдау туралы өтініші.
2. Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың көшірмесі.
Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:
1. Ата-аналарының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) еркін нысандағы қайта қабылдау туралы өтініші.
2. Төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжат.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына анықтама беру туралы көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) өтініші.
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
Ауыстыру үшін:
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Анықтама беру кезінде:
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Ауыстыру және қайта қабылдау - ММ-нің ережесінде көрсетілген күнге сәйкес
Анықтама беру - ММ-нің ережесінде көрсетілген күнге сәйкес