Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде:

  • Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
  • лицензиялық алым енгізілмесе;
    өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
  • лицензиар (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алса;
  • өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
  • сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салса;
  • өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса.

2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі.

3. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде:

  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген жағдайда;
  • өтініш беруші Біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
  • егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда.

Көру саны:1700

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

1. Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензияны беру кезінде лицензиялық алым мынадай кіші қызмет түрлері үшін 100 АЕК тұрады:
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу;
- көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
- теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;
- мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану;
- көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау;
- көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау;
- магистральдық құбыржолдарды пайдалану.

2. Көрсетілген қызметтің кіші түрлеріне лицензияларды қайта ресімдегені үшін (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 8 %-ын құрайды.

3. Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемесі (лицензия алуға өтініш электронды түрде берілген кезде) – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 80 %-ын құрайды.

Қызмет көрсету уақыты

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және шығарылу түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде – 15 жұмыс күні

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензия және заңды тұлға бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы