gov.kz
Меню

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Назар аударыңыз!

1.Бір талапкер бір ғана өтінім беруі тиіс (4 колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен).
2. Тіркелген құжаттардың жалпы көлемі 5 Мб аспауы керек.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

 Назар аударыңыз!!!

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.

«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Белгіленген нысандағы өтініш.
  2. Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  4. Қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін.
  5. Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін.
  6. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат.
  7. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) оқу ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
2, 3, 4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш.
  2. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы.
  3. 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет.
  4. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны (бұдан әрі - № 075-У) бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны (бұдан әрі - № 031-У) бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы.
  5. Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
  6. Цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына  өтініш.
  2. Қандас мәртебесі туралы құжат.
  3. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
  1. Белгіленген нысандағы өтініш.
  2. Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  4. Қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін.
  5. Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін.
  6. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат.
  7. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) оқу ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
2, 3, 4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

1. белгіленген нысандағы өтініш;

2. туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

3. қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;

4. мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;

5. өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;

6. табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін:

1. белгіленген нысандағы өтініш;

2. оқу орнына қабылдау туралы бұйрық.

2,3,4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Результат оказания услуги

I) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту.

II) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.

III) Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
Егер көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне/ әрекетсіздігіне шағым бергіңіз келсе.
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

I) Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін – 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында; ақылы негізде 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында;  оқудың кешкі және сырттай нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында; шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында; педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады;

II) 3 жұмыс күні

III) 5 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Место предоставления услуги
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
Egov мобильдік қосымшасы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы