
"Рұқсат беру құжаттарын іздеу" сервисіне сілтеме электрондық лицензиялау порталының басты бетінде орналасқан. Тексеру сервисі – тегін, авторизациядан өтуді да, тіркеуді да талап етпейді және онда екі режим бар – оңайлатылған "жылдам іздеу" және "кеңейтілген іздеу". Бірінші тәсіл арқылы пайдаланушыға ЖСН/БСН, СТН, ӘҚНЖК/РҚБСН нөмірі және берілген күні бойынша лицензиялар іздестіруге болады.
Өз кезегінде, кеңейтілген режим көптеген параметрлер бойынша іздеуге мүмкіндік береді:
• Құжаттың бірегей нөмірі;
• Құжат ӘҚНЖК;
• Өтініш ӘҚНЖК;
• Өтініштің бірегей нөмірі;
• Нөмірі;
• Сериясы;
• ЖСН;
• БСН;
• СТН;
• Лицензиат;
• Лицензиар;
• Қызмет түрі;
• Берілген күні;
• Мәртебесі:
Көрсетілмеген;
Жарамды;
Жарамсыз;
Қайта ресімделген (жарамсыз);
Әрекеті тоқтатылды;
Әрекеті уақытша тоқтатылды;
Әрекеті ұзартылды (жарамсыз);
Әрекеті тоқтатылды (ерікті қайтару).
1. Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында):
2. Мобильдік қосымшасы арқылы
1. Мобильді қосымшада бір реттік пароль* немесе ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.
2. Қажетті қызметті таңдаңыз, қажет болса сұрау салу орнын толтырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.
3. Деректер бірден пайда болады.
* - мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу болу тиіс.
Сіз енгізген іздеу сұранысы деректеріне сәйкес келетін барлық лицензиялар мен рұқсаттардың (соның ішінде хабарландыру тәртібіндегі) тізімі. Әрбір лицензия немесе рұқсат бойынша жоғарыда көрсетілген барлық параметрлер бойынша, сондай-ақ санат, қала, пайдалану аумағы, ерекше шарттар және т.б. сияқты қосымша параметрлер бойынша мәліметтер шығарылатын болады. Кейбір жағдайларда алынған рұқсат құжаттарын PDF форматында көшіріп алуға болады.
ӘҚНЖК – әкімшілік құжаттың немесе өтініштің нөмірі және коды.
РҚБСН – рұқсат беру құжатының немесе лицензияның бірегей сәйкестендіру нөмірі.
Порталда лицензияны/рұқсаттарды іздеу "Рұқсат беру құжаттарын іздеу" қойындысында жүзеге асырылады. Көрсетілген іздеу критерийлерінің әрқайсысы бойынша деректер дұрыс енгізілген жағдайда, ізделетін құжатты табуға болады.
Бұл өте пайдалы сервис арқылы кез келген заңды тұлғаның, компанияның және жеке кәсіпкердің лицензиялары мен рұқсаттарының өзектілігін тексеруге болады.
Тегін
Өтініш берген сәтте