Қызмет ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі-Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
Көтерме жәрдемақы алған кезде:
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушыға берілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден:
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
2. Егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған.
3. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар болған.
4. Көрсетілетін қызметті алушы Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген.
5. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайларда әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
6 жұмыс күні