gov.kz
Меню

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек).

Өтінімге келесі құжаттарды кірістіру:

  • жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
  • бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сынақтаманы тапсыру туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • өлшемі 3x4 см. болатын цифрлік фото;
  • 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.
Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар:

1. ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті.

2. Жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа) (магистратураға түсу үшін).

3. Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер" біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат (резидентураға түсу үшін).

4. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

5. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет.

6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

7. Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

  • International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 87.

неміс тілін меңгеру бойынша:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau С1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво C1) (DSH, Niveau C1) (ДЙСИЭИЧ, ниво C1) – C1 деңгейі;
  • TestDaF-Prufung Niveau C1 (тестдаф-прюфун ниво C1) (TDF Niveau C1) (ТЙДИЭФ, ниво C1) – C1 деңгейі.

француз тілін меңгеру бойынша:

  • Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
  • Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
  • Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - С1 деңгейі;
  • Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – В2 деңгейінен төмен емес.

 

8. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін).

9. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

1. ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш.

2. Білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы).

3. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

4. ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат.

5. Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

  • International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5.
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 87.
  • Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 453.
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – кемінде 460.

неміс тілін меңгеру бойынша:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейінен төмен емес;
  • TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) - В2 деңгейінен төмен емес;

француз тілін меңгеру бойынша:

  • Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес.
  • Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес.
  • Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – В2 деңгейінен төмен емес.

6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.

Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

7. 3x4 сантиметр көлеміндегі алтытосурфоет.

 

8. Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат.

9. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.

10. Алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).

Осы тармақтың 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Результат оказания услуги

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:магистратураға – күнтізбелік жылғы 15-28 тамыз аралығында;
докторантураға – күнтізбелік жылғы 26 қарашадан 10 қаңтарға дейін.

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Место предоставления услуги
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Сіз құжатты тексере аласыз

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы