Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

Категорияларға қайту

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

    Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.

2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 2000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан - 300 грант даярлаудың мынадай бағыттары: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша бөлінді.

Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:

http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/

Электрондық үкімет порталында құжаттарды тапсыру кезінде пайдаланушылардың бір мезгілде жүгінуіне байланысты техникалық іркілістер байқалуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Онлайн өтінім беруде проблемалар анықталған жағдайда,  1414 Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы 8 (7172) 47-25-25, ішкі 702, 504 және «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК call-орталығы - 8 (7172) 695069.

Қызметті қалай алуға болады

  1. Жүйеге кіріңіз/Тіркеліңіз

  2. Тапсырыс беріңіз

  3. Өтінім толтырыңыз

  4. ЭЦҚ немесе SMS арқылы қол қойыңыз

  5. Нәтижені тексеріңіз

Қызмет нәтижесі

Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік, сондай-ақ ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негіздемелі бас тарту

Көру саны:6144

Толық аты

Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

20 тамызға дейін білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік беру.

Күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЖЖОКБҰ басшысының стипендия тағайындау туралы бұйрығын қабылдау.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш, оның ішінде портал арқылы білім беру гранттарын беруге өтініш күнтізбелік жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымы

Қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.