gov.kz
Меню

ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

Тұрғын үйдің ортақ  иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі  болмаса).

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)

Тұрғын үйдің ортақ  иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі  болмаса).

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

** Портал арқылы азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуден алып тастау тұрғын үй иесінің өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады.

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары):

Мемлекеттік корпорацияға:

  1. адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару үшін:
  • тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректері көрсетілген еркін нысандағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару туралы өтініш;
  1. республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару үшін:
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін);
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты-16 жасқа дейінгі балаларға;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы аумақтық полиция органдарының анықтамасы;
  1. сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару үшін:
  • адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • тұрғын үйді пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (меншік құқығын растау үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "ХҚКО" БАЖ-дан алады.

Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жоғарыдағы құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары):

Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті берушіге:

  1. адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару үшін:
  • тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректері көрсетілген еркін нысандағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару туралы өтініш;
  1. республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару үшін:
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін);
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты-16 жасқа дейінгі балаларға;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы аумақтық полиция органдарының анықтамасы;
  1. сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару үшін:
  • адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • тұрғын үйді пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (меншік құқығын растау үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "ХҚКО" БАЖ-дан алады.

Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жоғарыдағы құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

Результат оказания услуги

"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару.

Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі оның мекенжайында тұрмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.

Байқоңыр қаласына тіркеуден шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағы беріледі.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегiн

Срок оказания услуги

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, (босқын мәртебесiн алған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) көрсетілетін қызметті беруші арқылы  - 30 минуттан артық емес

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Цифрлық үкімет» порталы
Аумақтық полиция органдары

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы