gov.kz
Меню

Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС)​ және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды (электрондық үкімет) шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұрап алады:

  1. Куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет.
  2. Адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын мәлімет.
  3. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды.
  4. Медициналық ұйым оны әзірлеген кезде, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген №033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі.
  5. Ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер болған кезде – ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері.
  6. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама) – жұмыс істейтін адамдар куәландырудан өткен кезде.
  7. Алғашқы куәландыру кезінде, еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарға қатысты – еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған кезде, сонымен бірге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады.
  8. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде – осы әлеуметтік қатер бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер.
  9. Өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамға осы жазатайым оқиға бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде мүгедектікті және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін – "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт).

Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі.

  1. Кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
  2. Жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәлімет.
  3. Қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер.
  4. Куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – "Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер.
  5. Балаларды куәландыру (қайта куәландыру) кезінде – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы бар болса.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне №031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) мынадай құжаттарды:

  • организм функцияларының бұзылу дәрежесін, диагноздар мен ұсынымдарды көрсете отырып, шағымдарын, объективті тексеру деректерін көрсететін мамандардың консультацияларын;
  • клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық және басқа зерттеулердің нәтижелерін;
  • пациенттің жай-күйінің динамикалық өзгерістерін көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, санаторий-курорттық ұйымдарда емделіп шығу жағдайының (емделіп шығу жағдайларының) нәтижелерін;
  • туындаған асқынуларды;
  • зертханалық зерттеулердің, консультациялардың нәтижелерінің қорытындыларын;
  • оңалту әлеуеті, оңалту диагнозы және оңалту маршрутының шкаласы ескерілген ұсынымдарды;
  • жедел/шұғыл медициналық көмек шақырған пациентке белсенді бару нәтижелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20495 болып тіркелген) бекітілген Проактивті қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес алынған пациенттің немесе оның өкілінің келісімі бойынша №031/е электрондық нысан негізінде жүргізіледі.

Медициналық электрондық құжаттар аурудың бейінін ескере отырып және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына сәйкес ұсынылады.

Результат оказания услуги

1) электрондық нысанда – портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық нысандары қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады:

  • көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген кезде – мүгедектік туралы анықтама;
  • көрсетілетін қызметті алушыға абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) әлеуметтік бөлігі әзірленген кезде – мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме;
  • еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі;
  • көрсетілетін қызметті алушыға ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі әзірленген кезде – мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме;
  • еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі;
  • көрсетілетін қызметті алушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
  • көрсетілетін қызметті алушыға кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме;
  • зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен күтімге мұқтаждығы айқындалған кезде – зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды;
  • кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам деп танылмағандарға – мүгедектік тағайындалмауы туралы хабарлама;
  • алғашқы куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам деп танылмағандарға – медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі - МӘС) сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама.

2) көрсетілетін қызметті берушіде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілінің талабы бойынша.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме

1) Қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезінде;
2) құжаттардың толық емес топтамасын (мәліметтерді алу) ұсынған кезінде;
3) МӘС бөліміне барып куәландыруға тұрақты тіркелмеген орны бойынша жүгінген кезінде;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

1) жүгінген күні;

2) МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС актісінің жобасы сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытындыны шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

3) 10 жұмыс күн ішінде:

МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС ӘББ консультацияға жіберген кезде;

МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға бөлінген күннен бастап, куәландырылатын адамның құжаттарын көзбе-көз куәландыруға жолдаған кезде, диагнозы нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ мүгедектік тобы бойынша үш сараптамалық шешімдер сәйкес келмеген жағдайларда немесе сарапшылар еңбекке уақытша жарамсыздық парағына шыққан жағдайларда оны қайта бөлу кезінде;

4) порталда – көрсетілетін қызметті алушы мүгедектікті растау туралы ақпаратты алу үшін өтінімге қол қойған сәттен бастап 1 сағат.

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Место предоставления услуги
«Цифрлық үкімет» порталы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы