Na početak

Мемлекеттік мұрағаттардан анықтамаларды қалай апостильдеуге болады


Мұрағаттық анықтамалар, құжаттар, үзінділер және олардың көшірмелерін апостильдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалына келу немесе онлайн-қызмет арқылы өтінім беру қажет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою

Онлайн-өтінім берген кездесіз оған құжаттың скан-көшірмесін қоса беріп, сол жерде 0,5АЕКмемлекеттік баж салығын төлеуге және өзіңіздіңЭЦҚ-мен өтінімге қол қоюға тиістісіз, содан кейін сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз.

Хабарламада белгіленген күніХҚКО-ға бару керек, өзіңізбен бірге келесі құжаттар болу керек:

  • жеке куәлік;
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

ХҚКО-да апостильдеуге өтінім берген кездеөзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

  • жеке куәлік (жеке тұлға үшін) немесе құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін);
  • мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5АЕК);
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

ХҚКО-ға өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 10 жұмыс күні ішінде аласыз.