Білім туралы құжаттарды қалай апостильдеуге болады
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарға (дипломға) апостиль қою үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы онлайн өтінім беру қажет
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
Онлайн-өтінім берген кездесіз оған құжаттың скан-көшірмесін қоса беріп, сол жерде 0,5АЕКмемлекеттік баж салығын төлеуге және өзіңіздіңЭЦҚ-мен өтінімге қол қоюға тиістісіз, содан кейін 5 жұмыс күні ішінде сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз.
Хабарламада белгіленген күніХҚКО-ға бару керек, өзіңізбен бірге келесі құжаттар болу керек:
- жеке куәлік;
- апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.
Онлайн-өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 15 жұмыс күні ішінде аласыз.
ХҚКО-да апостильдеуге өтінім берген кездеөзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:
- жеке куәлік;
- мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5АЕК);
- апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.
ХҚКО-ға өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 15 жұмыс күні ішінде аласыз.
