Дәрігердің қабылдауына қалай кіруге болады?
Өз бетінше дәрігердің қабылдауына жазылу үшін жеке онлайн-сервисті пайдалануға немесе емхананың тіркеу бөліміне жүгінуге болады.
Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде БМСК мамандары "дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген ауызша түрде жауап береді.
Онлайн-жазылу үшін келесі сервисті пайдалану қажет:
Көрсетілетін қызметЭЦҚқажет етпейді, өтінімде күнді көрсету қажет, дәрігерді және келу уақытын таңдағаннан кейін, жеке кабинетке мәртебе түрінде хабарлама келеді.
Пациентэлектрондық үкімет порталыарқылы жүгінген кезде пациентке "жеке кабинетке"электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. Сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
