Сіз ауырып қалдыңыз ба?
Әдеттегідей ауру кенеттен пайда болады және одан сауығып кету дұрыс емдеу тәсілін таңдауға байланысты.
Денсаулыққа байланысты проблема туындаған кезде бірінші кезекте тіркелген жері бойынша емханаға барып немесе жедел жәрдем шақырып аурудың белгілеріне байланысты бейінді дәрігерлерге жүгіну ұсынылады.
Медициналық көмек алу үшін не қажет:
- Тіркелген жері не нақты тұратын жері бойынша емханаға тіркелу немесе басқа медициналық мекемеге ауру бейіні бойынша тіркелу қажет;
- Дәрігердің қабылдауына жазылу қажет;
- Егер денсаулық жағдайына байланысты емханаға бара алмасаңыз, учаскелік дәрігер-терапевті үйге шақыру қажет;
- 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру қажет.
Осы материалда біз ауырған кезде жасалатын әрекеттер тәртібін сипаттап береміз.

