Емханаға қалай тіркелуге болады?
Сіз бір әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, Республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (МСАК) еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша емханаға тіркеле аласыз.
Емханағаэлектронды Үкімет порталыарқылы онлайн тіркелуге болады. Бұл жағдайда Сізге тіркеу туралы хабарлама (талон) немесе МСАК ұйымыныңЭЦҚқойылған "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту келіп түседі.
ҚР емханаларының байланыс телефондарын облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының ресми сайттарынан білуге болады.
Алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу
