Декреттік төлемдер және демалыс (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар)
Жүктіліктің 30 аптасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке кәсіпкерлер гинекологтан 126 күнге еңбекке жарамсыздық парағын алады (босану қиын болған жағдайда еңбекке жарамсыздық парағы тағы 14 күнге ұзартылады).
- Жүктілік және босану бойынша біржолғы әлеуметтік жәрдемақыны есептеу үшін еңбекке жарамсыздық парағы қажет.
- Еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесіне (ЕШТБЖ) (hr.enbek.kz) демалысқа шығу туралы мәліметтер енгізілгенін нақтылау қажет.
Маңызды! Еңбекке жарамсыздық парағын берер алдында әлеуметтік аударымдарыңызды тексеру қажет.
