Na početak

Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы мөлшері қалай есептеледі (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар)


Ол үшін мынаны білуіміз керек:

  1. Орташа айлық табыс.
  2. Еңбекке жарамсыздық күндер санының коэффициенті. Жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санына бөлу арқылы анықталады.

Бала тууға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге беріледі. Егер еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге берілсе, онда коэффициент 4,2 болады.
126 /30=4,2.

Мысалы, соңғы он екі айдағы орташа табыс (Қорға әлеуметтік аударымдар төленген) 250 мың.

Табыс (250 000 ) х коэффициент (4,2) = 1 050 000 теңге.

БЖЗҚ-да 1 050 000 - 10 пайыз (105 000) = 945 мың теңге.

2025 жылы жүктілік және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары шегі 2 249 100 теңгені құрайды.