Na početak

ЕШЕАБЖ-ның артықшылықтары


Еңбек шарттары туралы мәліметтерді жүргізуwww.hr.enbek.kzсайт арқылы немесе жұмыс берушінің кадрлық ақпараттық жүйесін ЕШЕБЖ-мен біріктіру арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші жағдай үшін«Электрондық еңбек биржасы»www.hr.enbek.kzмемлекеттік ақпараттық порталында«HR.Enbek еңбек ресурстары»ішкі жүйесінде тіркелу қажет, кәсіпорын туралы мәліметтерЭЦҚ-мен расталуы тиіс. Электрондық еңбек шарттары жазбаша түрде жасалатын еңбек шартының дәстүрлі нысанына қосымша нұсқа болып табылады.

Екінші жағдайүшін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес интеграциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет.

Қызметкер электрондық үкіметтің жеке кабинетінде ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты "еңбек қызметі" бөлімінде тексере алады, онда кәсіпорынның атауы, жасалған күні, шарттың нөмірі және лауазымы көрсетіледі.