Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ онлайн ұзарту

Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, әр түрлі онлайн қызметтерді алғанда сіздің электрондық қолтаңба қызметін орындай отырып (анықтамалар алудан мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін), оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сол себепті жыл сайын ЭЦҚ әрекетін ұзарту қажет. Осылайша, сіз сертификатыңыз жоғалмағанын және бөгде адамдардың қолында емес, сіздің қолыңызда екенін растайсыз.

ЭЦҚ қолдану мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама

Файлдық жүйеге берілген ЭЦҚ-ның қолдану мерзімі 1 жылды құрайды.Негізгі ақпарат тасығыштарға (жеке куәлік, Kaztoken, eToken, аKey, jaCarta) шығарылған ЭЦҚ-ның мерзімі 3 жылды құрайды. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімінің жақындап келе жатқаны туралы хабарламалардың екі түрін онлайн режимінде ұзарту ұсынысымен автоматты түрде жіберу жүзеге асырылды.

  • Электрондық пошта бойынша көп мәрте хабарламалар – 1 ай бұрын, 2 апта бұрын, 7 күн бұрын. Бұл хабарламаларды алу үшін ҚР ҰКО-дағы жеке кабинетіңізде өзіңіздің e-mail-ңызды көрсету қажет.
  • ЭЦҚ әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын SMS-хабарлама. SMS Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне, яғни eGov-тағы Жеке кабинетте пайдаланушыда тіркелген телефон нөміріне келеді.

Заңды тұлғаларға ЭЦҚ әрекетін дербес қалай ұзарту керек?

ҚР Ұлттық куәландыру орталығында сайтының басты бетінде «Жеке кабинет» бөліміне өту қажет, бұдан әрі жеке кабинетке кіру қажет. (1-сурет).

1-сурет

«Кіру» батырмасын шертіңіз, авторландыру бетіне өтіңіз. (2-сур.).

2-сурет.

Ашылған терезедегі тізімнен «Кілттерді сақтау» түрін таңдауыңыз қажет – Дербес компьютер, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey. (3-сурет).

3 - сүрет

«Кілттерді сақтау орнына дейінгі жол» алаңында Сіздің тіркеу куәліктеріңіз орналасқан жолды көрсету қажет. Аутентификация кілтін таңдаңыз (AUTH_RSA) және «Ашу» батырмасына басыңыз. (4-сурет).

4-сүрет

«Кіру» батырмасына басыңыз. (5-сурет).

5 - сүрет

Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау орнының паролін енгізіңіз. Назар аударыңыз! Казтокен арналған үнсіз келісім бойынша пароль: 12345678, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890. (6-сурет). 

6 - сүрет

Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау орнының паролін енгізіңіз. Назар аударыңыз! Казтокен арналған үнсіз келісім бойынша пароль: 12345678, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890. (7-сурет).

7 - сүрет

Қызметкердің жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылды.

«Тегі» мәзірі

Пайдаланушының «Тегі» мәзірінде ҚР ҰКО пайдаланушының профилі туралы ақпарат бар. (8-сурет).

8-сурет

Профайл деректері пайдаланушының жеке ақпаратын қамтиды. Баптауларда сіз интерфейс тілін таңдай аласыз, сондай-ақ электрондық пошта хабарлама жіберілімін ажырата аласыз. (9-сурет).

9-сурет

ЭЦҚ-мен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» қосымша беті бойынша өтіңіз. (10-сурет).

Пайда болатын мәзірден мына тармақшалардың біреуін таңдаңыз:

• ЭЦҚ кілттерін қайта шығару бөлімі – өтінімді онлайн режимінде (қолданыстағы ЭЦҚ кілттерінің болу шартымен) Тіркеу орталығында өтінімді растаусыз беруге мүмкіндік береді
• ЭЦҚ кілттерін кері қайтару – тіркеу куәліктерін кері қайтаруға мүмкіндік береді
• ЭЦҚ кілттерінің тізімі – қолданыстағы тіркеу куәліктерін көрсетеді
• Өтінімнің статусын тексеру –өтінім статусын тексеру және тіркеу куәліктерін орнатуға мүмкіндігін береді.
• ЭЦҚ кілтінің паролін ауыстыру – ЭЦҚ-ның паролін кілтке ауыстыруға мүмкіндік береді.

10-сурет

Өтінім статусын тексеру үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» қосымша бетіне - «Өтінімнің статусын тексеру» бөліміне өтіңіз. «Өтінім нөмірі» алаңында, Сізбен алынған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасына басыңыз. (11-сурет).

11-сурет

Тіркеу куәліктерін орнату үшін жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісіне басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған жабық кілттеріңіздің сақтау орнын көрсетіңіз. (12-сурет).

Назар аударыңыз! Егер кілттер қолдау көрсетілетін қорғалған жеткізгіштердің біреуіне шығарылған жағдайда: eToken 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

Кілттерді сақтау орнын - Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда –парольді толтыру алаңы пайда болады. Өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап тауып, оны енгізіңіз. 

12-сурет

Назар аударыңыз! Пароль латын әріпбесінен және сандардан қамтылуы тиіс. Парольдің ұзындығы кемінде 6 таңбадан құралып 32 таңбаға дейін болуы тиіс. Сонымен қатар, парольге келесі таңбаларды қосуға болады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдерді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл кілттерді кері қайтару қажет.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасына басыңыз. (13-сурет).

13-сурет

Тіркеу куәліктерінің сәтті орнатылғанын хабарлайтын терезе пайда болады. (14-сурет).

14-сурет

ЭЦҚ шығару аяқталды.

Осы бөлімде Тіркеу орталығында өтінімді растаусыз (ЭЦҚ қолданыстағы кілттері болған жағдайда) онлайн режимінде өтінімді беруге болады.

Маңызды! Осы өтінімді активтендіру үшін бірінші басшының растауы қажет.

Негізгі алаңдар ендігі қолданыстағы тіркеу куәлігіне сәйкес автоматты түрде толтырылатын болады. e-mail (қажетінше), елді мекенді, кілттерді сақтау орны мен сақтау орнына жолды көрсетіңіз.

Сонан соң «Өтінім беру» батырмасына басыңыз. (15-сурет).

15-сурет

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне кір келтіру тәуекелін төмендету үшін қорғалған негізгі ақпаратты жеткізгішті пайдалануды ұсынамыз.

Берілетін өтінімнің дұрыстығын растау белгісін қойыңыз және «Енгізу» батырмасына басыңыз. (16-сурет).

16-сурет

Парольді енгізіп, «Қол қою» батырмасына басыңыз. (17-сурет).

17-сурет

Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз. Бірінші басшы өтінімді растағаннан кейін «Өтінімнің статусын тексеру» бөліміне сәйкес тіркеу куәліктерін орнатыңыз. (18-сурет).

18-сурет