Na početak

«5-10-20» жаңа бағдарламасы бойынша баспана алуға кім жүгіне алады


"5-10-20" бағдарламасына жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар, яғни ЖАО кезекте тұрғандар қатыса алады (әкімдіктер).

Кезекке қою-бұл ХҚКО және электрондық үкімет порталы арқылы және kezekte.kz сайтында ресімделетін мемлекеттік қызмет.

Егер адамның меншігінде пәтер немесе үй болса, ол кезекте тұра алмайды. Тек соңғы 5 жылда меншік құқығында баспанасы жоқ адамдар ғана қатыса алады. Алматы және Астана қалалары бойынша тұрғын үйге кезекке қою кезінде міндетті түрде 3 жылдық тіркеу талап етіледі.